Қазақстан тарихына жаңалық әкелген еріктілер | Жантас Сафуллин | TEDxAstana
2,256 views · Published 20 August 2018 · 19:18 · Indexed 21 September 2026
Channel: TEDx Talks · 2018 · Nonprofits & Activism
«Жайық Пресс» медиа холдингіне қарасты басылымдардың 95 жылдығына дайындалған Жантас Набиоллаұлы газеттер тарихын зерттеймін деп, қазақ публицистикасында мүлдем еленбеген «Ұран», «Қазақстан» сияқты көне газеттерді анықтады. Зерттеу кезінде Абайдай зиялы, Шәкәрімдей ойшыл, ел келешегін көксеп, республикалық деңгейде газет шығарған Ғұмар Қараш атты ғұлама жайлы деректерді елге әкелді. Тарих жайлы ақпарат араб тілінде болғандықтан, еріктілерді бір ортаға топтастырған Жантас сырға толы «құлпытастарды» зерттейді. Елінің тарихына тың жаңалық ашып, әсіресе «Қазақ хандарының» құлпытастарына тап боламыз деп ойламаған еріктілер, 3000 құлпытас жайлы жинақ шығарып, Қазақстан тарихына өзгеріс әкелді. Олардың ендігі мақсаты – XVIII-XX ғасырдағы қазақ мәдениетін, әлеуметтік жағдайын сипаттайтын "метіркелерді» зерттеу. Уфаның орталық мұрағатында жатқан 71 000 құжат ұлт сауаты, тұрмысы, салт-дәстүрі мен қандай құқықтық мемлекет құрғаны жайлы жаңа дерек береді. Жантас Сафуллин - «Жайық Пресс» медиа-холдингінің жетекшісі және Орал қалалық мәслихатының депутаты. Соңғы бірер жылда өлкетану ісімен шұғылдана бастаған. Туған жердің әр тасын ерекше бағалайтын ол Қазақстанның батыс өлкесінің тарихын құлпытастардағы жазуларды тану арқылы зерттеп жүр. Айтуынша, олар тарихи тұлғалардың өмірі жайлы талай сырдың бетін ашады. Жантас еріктілерден құралған команда жасақтады. Олар кезіккен қиындықтарға қарамастан ұмыт қалған обалар мен қорымдарды іздеп, зерттеуді бір сәтке де тоқтатқан емес. Бүгінгі күнге дейін өлкетанушы-волонтерлер 3000-ға жуық тарихи ескерткіштің «құпиясын ашты». This talk was given at a TEDx event using the TED conference format but independently organized by a local community. Learn more at https://www.ted.com/tedx
More from this channel
-
17:00
Time, choice and sustainable development | Dr Daniel Irurah | TEDxJoburgNorth
-
18:29
Slow communication | Stefan Agamanolis | TEDxRegentsPark
-
9:12
Saving the planet one house at a time | Donna Shirey | TEDxPugetSound
-
21:03
Quest for better beer | Jeff Murphy | TEDxMITClubSingapore
-
23:37
Illuminating the invisible | Deborah Aschheim | TEDxArt&ScienceLA
-
15:44
Teitur Þorkelsson | TEDxReykjavik
-
9:55
Kristin Dýrfjörð | TEDxReykjavik
-
10:14
Andri Heiðar Kristinsson | TEDxReykjavik